Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда дәрігерге көнбей халық емшісіне қаралған әйел ауру сәбиді өмірге әкелді

Атырауда дәрігерге қаралудың орынына балгердің көмегіне жүгінген жүкті әйел ауру сәбиді өмірге әкелді.

14344605938

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Құрманғазы ауданының тұрғыны жүкті екенін білген соң, жергілікті емхананың есебіне жазылмай, балгерге қаралған. Ол үшін жас келіншек Жылыой ауданындағы Құлсары қаласына сапарлатыпты.

“Сәби өте ерте туды, оның жағдайы қалыпты емес. Оның үйіне медициналық қызметкерлер келгенде ол қашып кеткен. Тіпті әкімдік қызметкерлері мен Мақат ауданының мамандары да оны көндіруге тырысқан. Бірақ, әйел халық емшісіне баруын жалғастыра берген,” – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева.

Өзге жүкті әйелдерге де сәбидің құрсақта дұрыс орналаспағанын айтқан балгер, жағдайды өз емімен түзеуге уәде берген.

Жылыой аудандық ауруханасы басшылығының айтуынша, ол емшіге облыстың түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келеді екен. Осы оқиғадан кейін халық емшісімен сөйлескен Құрманғазы аудандық медқызметкерлер, тағы да бір осындай жағдай болса оның үстінен прокуратураға шағым түсіретінін ескерткен.

“Ол емшіге бес жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерді қабылдамау туралы ескертілді. Оның ем жасауға тіпті лицензиясы да жоқ”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқи отырыңыз:

Донор құтқарды: Астаналық азаматқа жүрек ауыстыру операциясы жасалды

Шымкенттік оқушы қыз рак клеткаларын жойып жіберетін дәрі жасап шықты

Қызылорда тұрғыны ұлу өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Дәрігер: Ауру жұқтырғанда адамның бауыры жанып кетеді

Талқылау