Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бензин тиеген жүк көлігі өртеніп, бір адам қаза тапты

Атырауда бензовоз көлігі жарылып, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқан адамның сол шақта бензовоз цистернасын дәнекерлеп жатқаны анықталды.

20160124_02_35_13_91253

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

23 қаңтарда сағат 12-лерде Атырауда бензовоз цинстернасына дәнекерлеу жұмысын жүргізіп жатқан кезде газ-ауа қоспасы жарылып, артынша көлік өртке оранды. Жалын жарты сағатта ауыздықталды. Өрт 10 шаршы метрді қамтыды. Тілсіз жауды сөндіруге  жеке құрамнан 7 адам, 2 техника тартылды.

Талқылау