Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бекіреге арналған ескерткіш орнатылды

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Зайдулиннің айтуынша, шаһарда жаңа тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтеруде. Олардың құрылысы мемлекет және инвесторлар есебінен жүргізіліп жатыр. 2016-2017 жоспарына енген әлеуметтік маңызы бар нысандар ретінде “Нұрсая” шағын ауданындағы техникалық гимназияны, фитнес-орталығы бар 7 қабатты ғимаратты, “Сұлтан палас” қонақүй кешенін және Әбілхайыр хан даңғылы бойындағы теннис кортын айтуға болады.

1

Бұл туралы atpress.kz хабарлайды.

Сондай-ақ, «Тенгизшевройл» компаниясының қаражатына “Игілік” әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында салынып жатқан ретро-саябақ құрылысы да аяқталуға таяу. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары осы айдан бастап «Baizaar» сауда ойын-сауық орталығының да игілігін сезіне алмақ.

Осылармен қатар, жуырда өткен қалалық құрылыс кеңесінде жаңа жобалар да қарастырылды. Олардың ішінде аквапарк, балалар алаңқайы, дүкен, колледж құрылыстары бар.

“Аталған жобалар құрылысы қаланың бас архитекторымен келісе отырып жобалық-сметалық құжаттарды бітіргеннен кейін басталады”, – делінген әкімдік хатында.

орпавы

Тағы бір айта кетерлігі – қалада бекіреге арналған ескерткіш те ашылды. Өткен күзде бұл идеяны қала әкімі Нұрлыбек Ожаев ұсынған еді. Ескерткіш қалалық әкімдік жанына қойылған.

Талқылау