Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда базардан балық алған азамат жауапқа тартылды

Атырау қаласындағы «Дина» базарынан заңсыз ауланған жалпы салмағы 11,2 килограмм болатын 2 дана шоқыр тұқымдас балығын сатып алған Атырау облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметінен.

балык

Балықты жеке көлігіне салып алып, Астрахань қаласына кетіп бара жатқанында оны «Құрманғазы» бекетінің шекарашылары ұстады.

Құрманғазы аудандық сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен кінәлі деп танылып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 926 000 теңге айыппұл салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.

Талқылау