Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бас дәрігер полицияға жұмысқа тұрмақ болған азаматтан виски түрінде пара алған

«Атырау облысы Ішкі істер департаментінің емханасы бар госпиталі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

99_in

«Сотта 2016 жылдың ақпан айында «Атырау облысы Ішкі істер департаментінің емханасы бар госпиталі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері полицияға қызметке орналаспақ болған азаматқа медициналық комиссияны өтуге көмектескені белгілі болды. Бұл үшін пара ретінде құны 10 мың теңге тұратын бір шөлмек виски алған. ҚР ҚК-нің «Пара алу» бабы бойынша тергеуалды жұмыстармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство айналысты.

Сотта айыпталушы кінәні мойындау туралы прокурормен процессуалды келісім жасасу ниетін білдірді. Сот оны кінәлі деп танып, айыппұл түріндегі жазаны тағайындады. Айыппұлдың көлемі – параның 50 еселенген сомасы – 825 мың теңге. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды», – делінген Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда баласын сабап тастаған қатыгез келіншек қызын көруге келген жоқ

“Халал” алкоголь мұсылмандардың жағасын ұстатты

Үйден гөрі вокзал артық: Бозбала өгей әкесінен қысым көріп қаңғырып кеткен

Шариғатта шарапты шипа үшін ішуге бола ма

Талқылау