Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда балықшылар адамның өлі денесін тауып алды

Балыққа барып, мәйітті тапты! Атыраулық балықшылар осыдан дәл бір ай бұрын жоғалып кеткен келіншектің денесін Жайықтан тауып алды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаладағы балабақшалардың бірінің қызметкері болған Людмила Чернышеваның денесі қаладағы жаяу жүргіншілер көпірінің маңынан шықты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың белгісі жоқ. Дегенмен, 39 жастағы келіншектің неден ажал құшқанын анықтау үшін түрлі сараптама тағайындалды. Людмила  Чернышева 27-ші қазаннан бері із-түзсіз жоғалғандар қатарында тұр екен. Тума-туыстары оның таңертең жұмысқа кетіп, кешкілік оралмағанын айтып, сол күні-ақ полицияға арызданыпты. Ал келіншектің қол сөмкесі іздестіру кезінде өзен жағасынан табылған болатын.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да сүйіктісін алып қашқан жігіт жол апатына түсті

Атырауда жол апатына түскендер төбелесіп кетті

Қазақстанда анықтамаларды смс арқылы беретін болды

Алматыда балаларды зорлау оқиғасы: Балабақша директорына сот үкімі шықты

Талқылау