Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда балабақша тәрбиешісі жылаған баланы шапалақпен ұрып жазалаған

Атырау қаласындағы №6 балабақша тәрбиешісі 29 мамыр күні баланы шапалақпен тартып жіберіп, жазалаған.

8585

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Оқиғаны көрген әйелдің сөзінше, ата-анасы кеткеннен кейін жылаған баланы тәрбиеші аямай ұрған.

“Бүгін таңертең қызымды №6 балабақшаға әкеліп тастадым. Сол кезде ата-анасы кеткен соң көнбей жылаған баланы тәрбиеші жылы сөзбен тынышталдырмай, шапалақпен тартып жіберді. Мен өзім автобусқа асығып бара жатқандықтан, бар мәселені кешке қалдырдым. Кешке қызымды алып кететін кезде аталған оқиға туралы тәрбиешіден сұрадым. Ол “сізге солай көрінген шығар” дейді. Ақырында шағым жазып, оны балабақша басшысына беруге тура келді”, – дейді куәгер.

Ал қалалық білім бөлімі аталған жағдайдан хабарсыз болып шықты. Тек журналистер хабардар еткеннен кейін ғана, балабақша меңгерушісі мен тәрбиешіні өздеріне шақыртқан.

“Бүгін жұмыс күні аяқталғаннан кейін жиналыс болып, онда тәрбиешінің мәселесі қаралады. Егер оның атына бұрын ата-аналардан шағым түспеген болса, оған тек ескерту беріледі. Оқиғаның куәгері болған әйел өзінің қызын басқа топқа беретін болды. Ал тәрбиеші ұрған баланың ата-анасынан әзірге шағым түскен жоқ”, – деді қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да суға батқан 1,5 жасар сәбиді құтқарып қалған оқушы марапатталды

Тұрмысқа шықпаған қыз: Отбасылы жігітке қатты бауыр басып қалдым

Қазақстандық ана ұлына мектептегі қысым туралы айтуға тыйым салған ұстазға наразы

Аяғы ауыр әйел күйеуінің өзін аяусыз тепкілеп тастайтынын айтып ашынды

Талқылау