Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерге өкпе дертін жұқтырған

Атырауда 700-дей баланы тәрбиелеп отырған «Балапан» балабақшасынан шу шықты. Себебі, бұл балабақшадан өкпе дертінің ашық түрімен ауыратын қызметкер  анықталған, деп хабарлайды 31 арна.

бала

Осындай келеңсіздікті естіген ата-аналар  бүлдіршіндерін бақшаға беруге құлықсыздық танытып отыр. Ал, балабақша директоры мен медбикесі бұл оқиғадан соң іле-шала өз еріктерімен жұмыстан кеткен.

Туберкулездің ашық түріне шалдыққан күтушінің балабақшада қызмет етіп келгеніне наразылық танытқан  ата-аналар «Балапан» балабақшасында бас қосты. Көпшіліктің қорқынышы біреу. Жұқпалы дерт  бүлдіршіндеріміздің денсаулығына кесірі әсерін тигізіп, жағдай ушығып кетеді ме деп алаңдаулы.

Бүкіл баланың денсаулығын қарау керек. Бұлар ешқандай қарап жатқан жоқ. Бізге карантин деп жапқанда бізге не себепті екенін айтқан жоқ. Біз білмейміз.-дейді  қала тұрғыны Айгүл Босшаева

Бас қосуда  әр саланың мамандары болған жағдайға байланысты түсініктеме бергендерімен, ата-аналар сауалдарымызға тұщымды жауап ала алмадық дейді. Өйткені әзірге мектепке дейінгі мекемедегі балалардың туберкулез жұқтырған-жұқтырмағанын анықтаудың өзі әлі анық шешілмепті.

Ата-аналардың бәрі келіссе саламыз мантуды, ал егер жартылай келіспесе платныйға барып саласыңдар деп жатыр. Рентген де сондай. Платныйға барып түскенде ауру бар деп тұр, ал, безплатныйға барғанда бәрі нормалные деп тұр.-дейді ата-ана  Алмагүл Қазалиева

Тексеріс қорытындысы әлі аяқталған жоқ. Неге десеңіз кейбір балалар әлі өтпеген. Толықтай өткеннен кейін айтылады. Ауру бала табылды ма, жоқ па? Бүгінгі күні осы топтан ауырып қалды деген бала жоқ.-деген өз сұхбатында Атырау облыстық өкпе ауруларына қарсы күрес диспансерінің бөлім меңгерушісі Алтын Кушмарова

Ал екі жылдан бері осында істеп келе жатқан балабақша қызметкері ауырып, облыстық ауруханаға түскен соң, оған аллергия деген диагноз қойылған. Өйткені, денесіне бөрткен қаптап кеткен. Алайда, қан сараптамасынан кейін ғана оның өкпе дертінің ашық түрімен ауыратындығы белгілі болған.

Осы жайттан соң арнайы орындар балабақшаға түгелдей дезинфекция жасап, науқаспен тікелей қарым-қатынаста болған топтағы 45 бүлдіршінді бақылауға алған. Алайда, балаларының болашағы алаңдатқан ата-аналар тиісті орындармен әлі бір ымыраға келе алмай жатыр.

 

Талқылау