Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда асаба әйелі мен сәбиін перзентханадан бірнеше ат және 10 көлікпен алып шықты (видео)

Атырауда асаба жас босанған әйелі мен сәбиін перзентханадан бірнеше ат және көлікпен алып шықты. Ерекше сәт түсіп қалған видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Instagram желісінде жарияланған видео кадрларынан байқалғандай, бірнеше салт атты бастаған көлік кортежі перзентханадан келе жатыр. Көліктердің бірінде «Сүйіктім, ұл сыйлағаның үшін рахмет!» деп жазылған.

Желі қолданушыларының кейбірі оқиғаның Атырауда болғанын және сәбиін перзентханадан шығарып жатқан өңірдегі асабалардың бірі екенін жазды.

Ал видеоға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ бөлінді. Бір топ «бауы берік болсын» айтысып, құттықтап жатса,енді бірі бұл әрекетті бос мақтан мен астамшылыққа балап, сын астына алды.

«Асабалар ерекше көзге түсіп жатыр», «Осы асабаларда ақша көп болып тұр ғой деймін, есіргені несі. Түсінікті ұлды болды, қуанышты жағдай. Елуге келгенде көріп жатқан бірінші баласы емес қой. Олай болған жағдайда сонша шашылып. Айналасына қарап сабырлылық танытса болар еді. Асабалардың арасында да бəсеке. Кім қандай идеямен асып түссем, қалтам қандай мүмкіншілікті көтере алатындығын қалай дəлелдесем деп сайысқа түсетіндей», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Өз кезегінде қуаныш иесі, асаба Есет Бахитовтың өзі де желі қолданушыларының пікіріне жауап берді.

«Құрметті, ағайын, атыраулықтар, менде еш бәсеке жоқ. Мен үшін шаңыраққа атқа мінер ұл келді. Мен ақша шашқаным жоқ. Біреуін де жалдаған емеспін. Ат жігіттерімнің сыйлап алып келгені. Сондықтан қате түсінбеңіздер. Сіздерде де осындай қуанышты күндер көп болсын!» – деп жазды асаба.

Оқи отырыңыз:

Мазақ болма, қазақ: Мұрат Әбенов имамдар мен голливуд жұлдыздарының суретін сынға алды

Айсәуле Бақытбек қымбат көлік мініп, бағалы сөмке ұстайтын инстаграм жұлдыздарының түкке тұрмайтынын айтты

Саунада ән айтсын онда: Белгілі композитор той әншілерін сахнаға шығармауды ұсынды

Серік Абас-шах: Бекжан Тұрыс қыз болып туғанда есімі Аружан Саин болар еді

Талқылау