Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әнұран авторы Жұмекен Нәжімеденовке ескерткіш қойылды

Атырауда ақтаңгер ақын, әнұран авторы Жұмекен Нәжімеденовке арналған ескерткіш бүгін салтанатты түрде ашылды. Қалаға көрік беріп тұрған Салтанат сарайы алдынан бой көтерген ескерткішке атыраулық зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

ескерткіш

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ескерткіштің ашылуында зиялы қауым өкілдері сөз алып, ақын бейнесінің асқақтап тұрғандығына ризашылықтарын жеткізді. Айта кету керек, ақынға арналған ескерткіш астаналық мүсіншілер Нұрлан Далбай мен Мұрат Мансұровтың қолымен қашалған. Ескерткіштің биіктігі 9 метр болса, ал мүсін қоладан құйылған. Осылайша атыраулықтардың көптен күткен қуанышы бүгін жүзеге асты.

«Жұмсамаңдар достарым дәрігерге, елге жетер қуат бар әлі менде. Дала дейтін тәуіпке көрінейін, емдел дейін оданда барып елге, -деп. Мінекей осы ескерткішімен елге келіп тұр деп білемін»,-деді ақын Қадір жүсіп.

Талқылау