Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 8 жыл бойы баласынан қашып келген азамат әкелігін мойындады

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  2008 жылы туылған баланың әкесін анықтау жөніндегі азаматтық іс қаралды. Нәтижесінде М.  есімді жауапкер сегіз жыл бойы мойындамай келген әкелігін мойындады.

отбасы

Бұл туралы Корреспондент жазды.

Талап қоюшы екеуінің өзара медиациялық келісіміне сәйкес, баласын асырап бағу үшін барлық табысының 1/5 мөлшерінде алимент төлеуге келісті. Өз кезегінде тараптардың медиациялық келісімге келуі сараптама жасалу үшін төлетенін қосымша шығындардан арылтып, қысқа мерзімде дауды өздеріне оңтайлы аяқталуына ықпал етті.  Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Айта кетейік, бүгінде аймақта «Медиация туралы» Заңын насихаттау және қолдану жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін сот өндірісінде қаралған 160 істің ішінен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен 58, оның ішінде кәсиби медиатордың қатысуымен 13, сот медиациясымен 45 іс аяқталып отыр.

 

Талқылау