Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 5 жасар баласымен бірге ұрлыққа түскен келіншек ұсталды

Атырауда 5 жасар баласын қасына ертіп, ұрлыққа түскен келіншек ұсталды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

вмвм

27 жастағы әйел бұл іске бауырын да тартыпты. Сөйтіп, тапа-тал түсте орталықта орналасқан зергерлік бұйымдар дүкеніне кірген үшеу миллионнан астам теңгенің алтындарын алып, тайып тұрған.

Клиент кейпіндегі бұлар ешқандай күдік тудырмаса керек, сатушы өзгелерге алаңсыз қызмет көрсете беріпті. Соны пайдаланған әпкесі мен інісі ішінде неке сақиналары бар қораптардың бірін байқатпай сөмкеге салып аған.

Безымянный

Ал дүкен иесі тауардың жетіспейтінін тек кешкілік байқап, полицияға хабарлапты. Көп ұзамай қолға түскен күдіктілер қазір тергеу абақтысында отыр. Ұрланған әшекейдің алдын ломбартқа өткізіп те үлгерген екен.

Оқи отырыңыз:

2017 жылғы Рамазан айына арналған Ораза ұстау кестесі

Ақтөбеде тасқыннан үйі қираған жұртқа 100 мың теңге өтемақы берілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардағы қымбатшылықпен күресуге кірісті

Павлодарда жоғалған келіншектің ұлына туыстары таласып жатыр

Талқылау