Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 30 жастағы әйел көпірден секіріп кетпекші болды

Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 30 жастағы әйел орталық көпірден Орал өзеніне секіріп кетпекші болған.

Атырауда көпірден секіріп кетпек болған 30 жастағы әйелді полицейлер құтқарып қалды

Бұл туралы Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Бүгін, 5 мамырда сағат 9.30-да Атырау қаласының орталық көпірінен өзенге секіріп, өзін өлтірмекші болған әйел құтқарылды. Екі полиция қызметкері, сержант Қуат Абдолов және кіші лейтенант Абылай Сағынов көпірден секіріп кетпек болған әйелді уақытында байқап қалған. Олар ажалына асыққан әйелді райынан қайтарып, көпірден түсуге көмектесті. Содан 30 жастағы әйел Атырау ішкі істер басқармасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Атырауда 30 жастағы әйел көпірден секіріп кетпекші болды

Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты басқа да мəліметтерді жарияламады.

Тағы оқыңыз: 

Астанада мектепте өрт шығып, мыңдаған бала қауіпсіз жерге көшірілді

Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін көре алатын болды

Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне қатысты сот үкімі шықты

Ақтауға бағыт алған SCAT ұшағы Шымкентке қонуға мәжбүр болды

Талқылау