Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 23 жастағы жігітті аяусыз тепкілеп өлтірген қылмыстың видеосы пайда болды (видео)

Атырауда 6 ақпан күні жантүршігерлік қылмыс оқиғасы орын алды. Қаладағы кафелердің бірінен шыққан жігіт, екі белгісіз адамның шабуылына тап болған.

photo_207694

Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Кадрде екі адамның 23 жастағы жігітті ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Қылмыскерлер дереу ізін суытады. Кейінірек өзге адамдар зардап шегушіге көмекке ұмтылған.

Күдіктілер 1995 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғындары екен. Адвокат Айдос Ибраимовтың сөзінше күдіктінің біріне “денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсыздар өлтіру”, ал екіншісіне бар болғаны “бұзақылық” бабы бойынша айыптар тағылған. Екінші күдікті кепілақы негізінде қамаудан шығып та үлгеріпті.

“Видеоны қарап отырып бұзақылық туралы айту қиын. Мен кепілақы шарасына қатысты қайта өтініш беремін. Сондай-ақ, айыптау бабы “кісі өлтіру” ретінде қарастырылуы керек. Олар топтасып, асқан қатыгездікпен өлтірді”, – дейді адвокат.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Қазақстанда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды (видео)

Өскеменде әйелімен ұрысып қалған ер адам өз үйін өртеп жіберді

БҚО-да 17 жастағы студент дәрігерлердің көмегін күтпестен көз жұмды

ШҚО тұрғыны үйіне келіп темекі тартқаны үшін танысын ұрып өлтірді

Талқылау