Атырауда 13 жастағы қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданында 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2005 жылғы қыз бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Атырауда 13 жастағы қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Жапа шеккен жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

ТЖК баспасөз қызметі ата-аналарының салғырттығынан қайғылы оқиғалардың көптеп болатынын айтуда.

«Кішкене балаларды жалғыз қалдырмаңыздар. Масадан қорғайтын тор баланы терезеден құлап кетуден сақтамайды. Керісінше кейбір қайғылы оқиғалар сондай торлардың кесірінен болады. Бала терезеге қалай сүйенсе, оған да солай сүйенуге болады деп ойлап қалады. Осының кесірінен қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Мүмкіндігінше үстіңгі терезені ашыңыз. Астыңғы бөлігін ашпауға тырысыңыз. Балаға терезеден бір нәрсе көрсетер болсаңыз, оны мықтап ұстап тұрыңыз. Бала кез келген сәтте қалт қимылдап қалуы мүмкін. Алақаныңыз құрғақ болуы керек және оны киімінен емес, денесінен мығым ұстаңыз» делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметі ата-аналарды аса сақ болуға шақырады.

«Бөлмені желдеткен кезде бала қараусыз қалмасын. Оларға жалғыз өзі балконға шығуға болмайтынын ескертіңіз. Ұйықтап жатқан баланы үйде жалғыз қалдырмаңыз, ол оянып кетіп, балконға шығып кетуі мүмкін.  Терезенің алдына жиһаз қоймаңыз. Бала сол арқылы терезенің алдына шығып кетуі мүмкін», – деп жазады ТЖК.

Тағы да оқыңыз:

Тележурналист “Әміре” фильміне қатысты: 15-25 жастағы ақылы аз жанкүйерлер үшін кино түсіргенді қою керек қой

Павлодарда биіктігі үш метр сәукеле мен алты метрлік қамшы жасалды

Уәдесін орындамақ болған әйел мүгедек сегіз баланы асырап алды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар