БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда үш ұры жүкті әйелді байлап, 23 млн теңгесін алып кетті

Атырауда жүкті әйелді тонап кеткен үш ұры ұсталды.

8 қаңтар күні екі жігіт пен бір әйел тұрғын үйдің бірін тонап кетті. Үйдегі жүкті әйелдің қарсылығына қарамай, аузын скотчпен жауып тастаған. Олар үй ішінен 23 млн теңге мен өзге де бағалы заттарды тонап кетті.

Тонау оқиғасы «Томирис» тұрғын үй кешенінде болды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер күдіктілерді ұстады. Олардан жоғалған заттар алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр