Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 7 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлаған үш күдікті ұсталды

Атырауда үш жігіт құны 7 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен ұсталды. Олар үш ай бойы қала маңындағы шағын аудандарда жеке үйлерді тонап келген.

щ

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

20 мен 26 жас аралығындағы үш күдікті үй иелері жұмысқа кеткен уақытты пайдаланып, пластик терезелерді оп-оңай ашып, баспанаға кіріп отырған. Оңай олжасын ломбардқа өткізіп, бірден ақшаға айналдырған. Полицейлер күдіктілердің бұдан өзге көптеген қылмыстық эпизодқа қатысы бар деп болжап отыр. Қазір олар уақытша тергеу абақтысына қамалған.

-“Ұсталған үш күдікті де Атырау қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі кезде олар 40-тан астам қылмысқа қатысы бар екендіктері анықталып отыр. Сонымен қатар олардан 90-ға жуық алтын бұйымдар табылып тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша жүргізілуде”, – дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде күйеуі әйелінің құны жарты миллион тұратын әшекейлерін ұрлап алған

Талқылау