Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғыны өзін өртеніп жатқан пәтерден алып шығып, құтқарып қалған өрт сөндірушіге алғыс айтты

ТЖМ курсанты Құмар Асланбек өртеніп жатқан үйден ессіз күйде жатқан әйелді алып шығып, өмірін құтқарды. Өз кезегінде өлімнен аман қалған әйел оған алғыс білдірді.

Құмар Асланбек

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Атырау қаласының тұрғыны Анастасия Шумахер ТЖМ курсанты Құмар Асланбекке алғыс білдірді. Ол әйелді Молдағалиев көшесіндегі бес қабатты үйде шыққан өрттен аман алып қалған. Төтенше жағдай 20 шілдеде көп қабатты үйдің төртінші қабатында орын алған. Ал Анастасияның өзі өрт шыққан пәтерден бір қабат жоғары тұрады.

«Подъездің бәрін қара түтін басты. Сол кезде өзімнің және көршілерімнің өмірі үшін қорықтым. Алайда өрт сөндірушілердің арқасында өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді.

Содан бері екі айт өтті. Алайда бұл жайтты ұмыта алмаймын. Мен біздің өрт сөндірушілерге, Атырау облыстық ТЖД-ға алғыс білдіргім келеді. Сонымен қатар курсант Құмар Асланбекке алғыс айтамын. Ол маған өртеніп жатқан үйден шығуға көмектесті. Мен есімнен танып қалған еді. Ол мені жедел жәрдем көлігіне дейін көтеріп барып, дәрігерлерге тапсырды. Оған көрсеткен көмегі, батылдығы үшін алғыс білдіремін», – делінеді Анастасия Шумахердің алғыс хатында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау