Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғыны жанып жатқан үйден үш баланы құтқарып қалды

Өртке оранған үйден үш баланы құтқарып қалған Доссор тұрғыны Қуаныш Берденов өзін батыр деп санамайды. Оқиғаны ол жол-жөнекей байқап қалған. Оның алдынан жүгіріп шыққан әйел, қорыққанынан не айтарын білмей, тек үй жағын нұсқай берген.

ммм

Бұл туралы azh.kz сайты хабарлайды

Үйге жүгіріп барған Қуаныш, балалардың жылаған дауысын естиді. Үй болса жалынға шарпылуда. Ол есікті аша алмай қояды. Ер адам бастапқыда сасқалақтап, не істерін білмей қалған.

“Үйдің үлкен терезесі бар екен, бірақ, өрттің кесірінен ол арқылы кіру мүмкін емес. Ойланып тұратын уақыт болмады да, мен терезені сындырып, түтін тиіп улана бастаған балаларды шығарып алдым”, – дейді Қуаныш.

3,5 және 7 жастағы үш бала құтқарылған. Оларды шығарып ала салысымен, үйдің шатыры жанып, газ құбыры жарылған.

Талқылау