Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғындары түнде тасжолда жарысқан көліктерді көріп зәрелері ұшты (видео)

Желіде түнгі Атырауда әуежайға апаратын тасжолдың бойында бір-бірімен көлік жарыстырған жастардың видеосы пайда болды.

8585

Ерекше көліктер жарысын жол жиегінде біраз адам тамашалапты. Олар темір тұлпарлар бәйгесін телефондарына да түсіріп алған.

“Drive Атырау” автоклубының меңгерушісі Павел Тулиннің сөзінше, жастар ұзындығы 402 метрді құрайтын драгрейсинг ұйымдастырған. Жарыстың бұл түрінде жылдамдыққа шектеу қойылмайды. Олар мәреге әуежай ауданында жетуге тиіс болған. Ал жарыстың өзі қатысушылар өте қауіпті.

“Қазіргі кезде Батыс Қазақстан бойынша өте өзекті мәселе – жарыс тасжолдары жоқ. Ал Оралда жастар ескі әуежай аумағында дайындалады. Атырауда да ондай орындар жоқ. Жастар шарасыздықтан тура қаланың ішінде сайысқа түскен”, – дейді Павел Тулин.

Атырау қалалық ІІД баспасөз қызметі болған оқиғаға байланысты кейінірек түсініктеме беретіндерін жариялады.

Оқи отырыңыз:

Шымкент судың астында қала жаздады (видео)

Қытайда ұсталған студент қыз қазақстандық болмай шықты

Өзбекстанда ұсталған Семей тұрғыны отанына оралды

Кім кінәлі: Бұтақ құлап қайтыс болған баланың анасы оқиға туралы айтып берді

Талқылау