Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баспанасы қызыл судың астында қалған атыраулықтар үйлерін тастап, бөгет салуға кіріскен

Атырау облыстық төтенше жағдайлар басқармасы облыста болған су тасқынының кесірінен біраз аймақты су басып қалғанын, сәйкесінше 30 000 куб метр су сорылып, 12 көше, 15 үй, 31 аула судан құрғатылған.

75396_tn

Әлі де болса суға толы бес көше мен 8 үй, 39 аула, 3 мектеп пен 2 балабақша бар. Кей жерлердегі су деңгейі 20 см-ге дейін жеткен.

75397_tn

75399_tn

Екінші күні де жаңбыр төгіп тұрғындар су шайып кеткен үйлерден эвакуациялық орындарға көшірілген. Жергілікті билік оларды екі мектепке орналастырыпты.

75407_tn

Атыраулық еріктілер судан зардап шегіп қазір мектептерге көшілірген және әлі де болса су толған үйлерде тұрып жатқан отбасыларға көмек көрсетуге шақырды.

75398_tn

Олар бірінші кезекте азық-түлік пен тазалық құралдарының керек екендігін айтқан.

Талқылау