Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғындары мұз айдынында төбелесіп қала жаздады

Мұз айдыны төбелес орнына айнала жаздады. Еліміздегі банктердің бірі өздерінің мерейтойына арнап ұйымдастырған тегін коньки тебу шарасы айқай-шусыз өтпеді. Әсіресе, жөнді қыс көрмейтін атыраулықтар мен ақтаулықтар мұз бетінде сырғанауды әбден сағынып қалса керек, келушілер есік алдында кептеліп, ұйымдастырушыларды әбден састырды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әншейінде де адам арылмайтын мұз айдынында тегін шара деген соң мұнда ағылғандар тіпті көп болды. Атыраулықтар шара басталардан біраз уақыт бұрын келіп алыпты. Ұйымдастырушылар келушілерді мұз айдынына өз конькилерімен тегін кіргізуді қамтасыз еткен. Бірақ, өзгелері конькиді жалға алу ақысын өздері төлеген. Дегенмен, оларға да коньки жетпей қалып, кезек күткендердің қарасы көбейе берген. Дәл осындай жағдай Ақтауда да болды. Мұнда да Ақтаудағы жалғыз мұз айдыны алдына жүздеген тұрғын жиналыпты. Сырғанағысы келгендерді айдынға жарты сағат сайын тек 30 адамнан кіргізген. Бұл уақытта келушілердің қатары көбейіп, олардың арасында айқай-шу, кептеліс туындаған. Ал, мақсатымыз – халықты қуанту болды деген ұйымдастырушылар шараны тоқтатпаймыз деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі автобус өрті: Туыстары өрттен аман қалғандармен жолыға алмай отыр

Қазақстандағы барлық рейстік автобустар тексерілетін болды

Ақмола облысы тас жолында Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар автобус құтқарылды

Елімізде заңсыз ит етін сатып, одан тағам жасайтын мейрамханалар көбейген

Талқылау