Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғындары 40 миллион теңгеге "қымбат" көлік нөмірлерін сатып алды

Биылғы жылы облыс тұрғындары 39,8 миллион теңгеге “қымбат” нөмірлерді сатып алған.

Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды.

Көпшіліктің ерекше сұранысына ие нөмірлер үш жыл бұрын сатыла бастаған. Айлық есептік көрсеткіштің жыл сайын өсе түсуіне байланысты “қымбат” нөмірлер де қымбаттаған.

Тіркеу бөліміндегі күту залында нөмірлер мен олардың бағасы анық көрсетілген.

Мәселен, 001-ден бастап 009-ға дейінгі нөмірін алғысы келетіндер 517,3 мың теңге төлеуі тиіс. 100-900, 111-999 аралығы 300 мың шамасында саудаланады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап “қымбат” әріптік белгілер де саудаға түседі. Негізінен сұранысқа ие болатын 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 сандарының бірыңғай әріптермен үйлескендерін (ААА, ВВВ сияқты) алу үшін айлық есептік көрсеткіштің 5 700 пайызы ұсталады.

Тек бірыңғай әріптермен біріккен 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері – АЕК-тің 19 400 пайызы.

Оқи отырыңыз:

Полицейлер әйел адамды шашынан сүйреп азаптаған азаматты ұстады

Қостанай облысында бензин бағасы 155 теңгеге шарықтап кетті (видео)

Қостанай облысында бензин бағасы 155 теңгеге шарықтап кетті (видео)

Шетелге шығатын Қазақстан азаматтары үшін мобильді қосымша жасалады

Талқылау