Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда туыстары мүрде тану кезінде қателесіп, әйел өлі деп саналған

Атырау облысында ауылдық округтердің бірінің әйел тұрғыны ұзақ уақыт бойы өзінің туыстарымен хабарласпай кеткен. Бірнеше жылдан соң барып, дағдарыс орталығына келген әйел өзінің 2010 жылдан бастап қайтыс болғандардың қатарында екенін білген. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

f48451c028dbdb687364349a6bf6721a

Сурет news.bigmir.net

Е.Приданова өзінің өлгендігі туралы ақпаратты жоққа шығару үшін сотқа өтініш береді. Ал сот алты жыл бұрын жедел-іздестіру шаралары барысында әйелдің туыстары Е.Приданова деп әйелдің мүрдесін танығанын және туыстарының бірінің оның өліміне куәгер болғанын айтады.

Алайда сот залында отырған әйелдің туыстары оның шынында да өздерінің туыс әпкесі екенін танып, мойындаған. Жинақталған барлық мәліметтерді негізге ала отырып сот Е.Приданованың өтінішін қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Талқылау