Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ІІД басшысына салынған қымбат үйдің төңірегіндегі дау өрши түсті

“Ақ Жайық” басылымының хабарлауынша Атырау облысындағы ішкі істер департаментінде  үлкен тексеру жұмыстары жұргізілмек. Күн санап өрши түскен тексеруге жаңадан салынған қымбат үйлердегі пәтерлер мен бағасы 1,3 млн тұратын катер себеп болған.

img_5598

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Нұрсая ықшамауданында ІІД өкілдеріне арналған арнайы мақсаттағы үй салынғанын мойындады. Дағдарыс кезінде қыруар қаржыға салынған үй облыс әкімінің ашуын келтірді.

Естеріңізде болса, әкім осы бір даулы үй туралы қайдағы бір құпия тапсырмаларға сілтеме жасап, нақтылап айтудан бас тартқан еді: «Бәлкім, ҰҚК жұмысы жөнінде де сұрар. Олар қашан келетіні, немен айналысатыны керек шығар». Айтпақшы, шынымен де, осы «арнайы нысандағы» 12 әдемі пәтердің біреуі осы ведомствода жасайтындардың қайсысына тиесілі екен деген сұрақ ойдан шығар емес.

Депутаттар мен баспасөздің көз алдын тұмандатып, көңілін аударуға тырысқанымен, «ІІД-нің қонақ үйі» басында режимді нысан болмағаны анық. Әлі күнге дейін оның жобалық-сметалық және қаржылық құжаттамаларына көптеген мемлекеттік қызметшілердің қолы еркін жетіп отыр. Құрылыс жүргізу мен жауапкершілікті әдейі мойнына артқан қалалық әкімдіктің қызметкерлерінен басқа да адамдар бұл туралы айта алады. Ғимарат та мемлекеттік реестрге тұрғын үй ретінде тіркелген.

Нұрсая ықшамауданының орталығына салынған 12 пәтерлі 4 қатарлы үйде 2 лифт жұмыс жасайды, әр пәтердің ауданы – 250 шаршы метр. Бірінші қатарда түрік моншасы (хамам), сауна, бассейн орналасқан, барлығы да қымбат құрылыс материалдарынан жасалған. Пәтерлерде қазірдің өзінде чех ас үй жиһазы, қымбат сантехника орнатылып, шетелдік жиһаздарды әкеліп жатыр.

Жаңа тұрғын үй алушылардың тізіміне, біздің ақпараттарымыз бойынша, облыс әкімінің орынбасарларының бірі, барлық құқық қорғау органдарының басшылары (бұрынғы қаржы полициясының басшысы жоқ) тіркелген. Қаңтар айында көшуді жоспарлап қойған екен, алайда біздің бірінші жарияланымымыздан кейін құқық қорғаушылардың бойларын жеңіл үрей билеп, өздерінің қарапайым тамдарында отыра тұруды жөн көріпті. Бейресми ақпарат көздеріміздің айтуынша, газет мақаласы ондаған мундирлердің абыройын сақтап қалған екен – пәтер иелері қоныс той тойлап, ұятқа қалмағандарына қуанып отыр екен.

«АЖ» ақпараттары бойынша, көтерілген даудан кейін Бақтықожа Салахатдинұлының өзі «қонақ үйге» жеке барып, қарамағындағы адамдардың дағдарыс кезінде құқық қорғаушыларға өте жайлы «арнайы нысан» салып бергенін көзімен көріп, қатты ренжіпті.

Үйді тез арада полицияның балансына өткізіп, бір қатарды «Арлан» және жедел әрекет ететін арнайы жасаққа беріп, қымбат жабдықтар мен шетелдік кафельдерді сындырып алмауды қатаң тапсырыпты. Әкеліп үлгерген шетелдік жиһаздардың бір бөлігін ІІД нысандарына бөліп беруге шешім қабылдапты.

sam_1035_1

Облыс әкімі мәслихат сессиясында осы үймен бірге полицияға арналған 1,3 млн доллар тұратын бір италиялық катер жеткіліксіз, тағы біреуін алу керек деп мәлімдеген болатын.

Басылым журналистері  FBdesign компаниясына өздерінен алынған катердің суретін жіберген. Итальяндықтар тура осындай катерді  айтылған құнынан  450 мың еуроға арзан  бағада жолдауға әзір екендіктерін айтқан.

Талқылау