Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысының бұрынғы әкімі бюджеттен 72 миллиард теңге ұрлады деп айыпталуда

Бүгін Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында бұрынғы облыс әкімі Бергей Рысқалиев пен оның жақтастарына қатысты негізгі сот ісіне дайындық бөлімі басталды. Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев мемлекет бюджетінен 72 миллиард теңге ұрлаған деп айыпталуда, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Атырау облысының бұрынғы әкімі бюджеттен 72 миллиард теңге ұрлады деп айыпталуда

Облыстық соттың судьясы Тыныштық Нұрымова сотталушылардың сот талқылауы туралы хабардар екендігін мәлімдеді. Бірақ, олар Қазақстаннан тыс жерде және сотқа келуден бұлтарып отыр. Сондықтан сот бұл істі айыпталушылардың қатысуынсыз-ақ сырттай қарауға болады деп шешті.

Атырау облысының бұрынғы әкімі бюджеттен 72 миллиард теңге ұрлады деп айыпталуда

Тергеу нұсқасы бойынша, бұрынғы әкім қол астындағы бағыныштыларымен бірге мемлекеттік қаражатты ұрлау үшін қылмыстық схема құрған. Олардың қылмыстық әрекеттерінен келтірілген зиян 72 млрд теңгеге бағаланды. Айыпталушылар Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасы А. Рысқалиев және тағы 7 адамға қатысты қозғалған қызмыстық іс 754 томнан тұрады.

Атырау облысында Бергей Рысқалиевтің командасына қатысты алғашқы сот талқылауы 2014 жылы өтті. Сонда шенеуніктер мен кәсіпкерлер, жалпы саны 11 адам әртүрлі мерзімге сотталған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау