Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы ауру мал саны алты мыңға жетті

Атырау облысында нодулярлық дерматитке ұшыраған мал саны көбейіп жатыр. Бұл дертке қазір аймақта 6000-ға жуық ірі қара шалдығып, 700-ден астамы арам қатыпты. Ауру мал, әсіресе, Құрманғазы және Исатай аудандарында көп, – деп хабарлайды КТК арнасы.

?

Биыл елімізде алғаш рет тіркелген бұл ауруға қарсы ем жасалғанымен, көңіл көншітерлік нәтиже жоқ. Індет елімізге Ресейдің Астрахань облысынан келуі мүмкін. Қазір тұрғындарға сиыр атаулыны сойып, етін жеуге, сүтін ішуге тиым салынған. Бір ай бұрын облыс бойынша карантин жарияланып, республикалық маңызы бар, сондай-ақ қала ішіндегі жолдарға дезинфекциялық пункттер қойылған еді. Шара ең соңғы ауру мал жазылғаннан кейін 30 күн өткенше жалғаспақ. Ал осыған дейін аурудың алдын алу мақсатында арнайы препараттар бүркіп келген ветеринарлар енді басқа амалға көшіпті. Яғни, алдағы уақытта ірі қараға маса, шыбын, сонаны жақындатпас үшін сиырларды сырғаламақ.

«Бұл сырғаның да секрометрин 935 мг-дық дәрі бар секрометрин деген. Бұл ана терінің майлы бездерімен байланысқа түсіп, денеге тарайды да, маса да, шыбын да қондырмайды. Бұл енді қазір біздің көріп отырған  ең бірінші осыған қолданатын еміміз осы», – дейді Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұрбай Әбдірахманов.

Жіберіп алмаңыз: 

Атырау облысында ірі қараның жаппай қырылу себептері анықталды

Сиырды еметін торай көпшілікті қайран қалдырды

Талқылау