Атырау облысында үшем дүниеге келді
Атырау облысының Мақат ауданында үшем өмірге келді. Аудан бойынша мұндай қуаныш осыдан үш жыл бұрын болған екен. Жергілікті әкімдік енді үшемнің әкесіне жұмыс тауып бермекші.
Бұл туралы STAN.KZ “ҚазАқпарат“-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Бөбектер Саламат және Самал Ермағамбетовтардың жанұясында дүние есігін ашты. Оларға деген есімдер берілді», – деп мәлімдеді аудандық әкімдіктен.
Қазіргі сәтте жұмыссыз жүрген жанұя отағасына жұмыс тауып беру мәселесі қарастырылып жатыр. Ал балалардың денсаулығы қалыпты жағдайда екен.
Талқылау