Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында жасөспірімдер ұрланған көлікпен апатқа ұшырады

Атырау облысында жасөспірімдер автокөлікті ұрлап кетіп, жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды аймақтық “Ақжайық” басылымы.

Колледждің 15 жасар студенті мен аудандық мектептің оқушысы түн ортасында Ганюшкино елді мекенінде бөтен адамның көлігін пышақпен ашып, мініп кеткен.

Таңертең автокөліктің иесі көліктің ұрланғанын көріп, полицияға хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері автокөлікті аударылған қалпымен ауылдан алыс емес жерден тауып алады.

“Олар жол апаты кезінде зардап шеккен жоқ, бірақ автокөлік қираған”, — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева

Ендігі кезде жасөспірімдер өздерінің істеген әрекеттері үшін жауап береді. Автокөліктің иесі көрсетілген шығынның жалпы сомасын 600 мың теңге деп бағалаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Немересін бауыздап өлтірген нағашы атасы мастықпен шошқа сойып жатырмын деп ойлаған

Ресейде пойызбен соқтығысқан автобустың қожайыны ОҚО тұрғыны болып шықты

Астанада қыз автобустан құлап, асфальтқа баспен соғылды

Алматы облысында 75 жастағы қария туған ағасын өлтірді деп күдікке ілінді

Талқылау