Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында парфюмерлік заттармен контрабанда жасаған әуежай қызметкерлеріне айыппұл салынды

Атырау облысында парфюмерлік заттар өткізбекші болған әуежай қызметкерлеріне контрабандалық әрекеттері үшін 50 миллион 485 мың 783 теңге айыппұл салынды.

image93014
Сурет atr.sud.kz  сайтынан алынды

Бұл туралы облыстық МКД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Атырау қаласының №2 сотының шешіміне сәйкес, «Бейбарыс» әуекомпаниясының белді қызметкерлердің әрқайсысына  ҚК «Экономикалық контрабанда» 234-бабы бойынша 500 АЕК (991 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ұшақ бортында әуекомпанияға тиесілі мағлұматталмаған парфюмерлік заттар табылғаны айтылды.

2015 жылдың 19 сәуірінде жүк орнын тексеру кезінде «Бейбарыс әуекомпаниясы» АҚ-на тиесілі мағлұматталмаған Lancome, Opium, Armani  сынды әлемдік брендті 8537 парфюмерлік заттар табылған болатын. Және 13200 қасық пен шанышқы, 26 400 бас қояға арналған заттар болған.

Талқылау