Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында құтқарушылар 41 мұнайшыны қауіпсіз жерге көшірді

Атырау облысы “Западное Морское” кен орынындағы 18 қытай азаматымен бірге жалпы саны 41 мұнайшыны құтқарушылар қауіпсіз жерге апарды. Бұл шара теңіз көпірін су шайып кету қаупінен туындаған. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

5065f149a622806d6564ac75741a26f7_XL

Сурет 24.kz

“2016 жылдың 16 наурызында Атырау облысы, Жылыой ауданындағы “Западное Морское” кен орынында теңіз толқынының әсерінен су шайып кету қаупі туындады. Сол жерде жұмыс істеп жатқан 41 жұмысшыны көшіру жұмыстары қолға алынды”, – делінген хабарламада.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Қауіпті аймаққа Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, батыс аймақтық жедел-құтқару тобы техникалары жұмылдырылған. Құтқарушылар оқиға орынына 17 наурыз күні таңертең жеткен. Қиын ауа-райына қарамастан 08.20 да басталған операция 11.50-ге дейін жалғасқан. Нәтижесінде барлық адам түгел көшірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Талқылау