Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында ауруханаға жатқызбай қойған екіқабат келіншек көз жұмды

29 жастағы Данагүл Аманғалиеваның өліміне туған-туыстары Махамбет аудандық ауруханасының дәрігерлерін кінәлайды. Айтуларынша, жағдайы ауыр жүкті келіншекті жедел жәрдемдегілер 3 рет ауруханаға жатқызудан бас тартып, тек 4-ші шақырғанда қимылдапты. Бұл туралы КТК жариялап отыр.

Безымянный

Бірақ ауруы әбден асқынған әйел Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жетпей көз жұмған.

Данагүл Аманғалиеваның артында қазір жары мен 8 жастағы ұлы қалды. Тума-туыстарының сөзіне сенсек, жүктіліктің 8-ші айында Махамбет аудандық ауруханасына ауыр хәлде түскен келіншекке мұндағы дәрігерлер ескі сараптама қорытындылары бойынша «өкпенің қабынуы» деген диагноз қойып, ем-дом жасаған. Бірақ науқас нашарлаған соң, жақындарына да айтпастан Атырауға жіберіпті.

“Махамбет аудандық ауруханасының кесірінен келіншегім мен қызымнан айырылып отырмын. Баламыз жетім қалды, өзім де жалғыз қалдым. Дәрігерлер кінәлі екендерін мойындап тұр. Жазаларын алсын. Олардың жұмыстан шығып, үйінде аяқ көтеріп жатқандары керек емес маған”, – деді марқұмның жолдасы Арман Төлендиев.

Ал аудандық ауруханадағылар бұл жағдайға қатысты қандай да бір түсініктеме бергісі келмеді. Түсіру тобын орынбасарына сілтеген бас дәрігер оқиғадан бейхабармын деп, камерадан ат-тонын ала қашты.

Келіншектің өлімінен соң Атырау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті іле-шала тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде келіншектің өліміне дәрігерлер кінәлі деп тауып, олар жіберген қателіктерді бірнеше бетке тізіп көрсеткен. Тіпті, қылмыстық іс қозғалды.

“Осы орын алған факт бойынша 20 қазанда аудандық аурухана дәрігерлеріне қатысты қылмыстық Кодекстің 317 бабының 3-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда”, – деді Махамбет ауданы прокурорының міндетін атқарушы Жасталап Орақов.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қылмыстық іс әзірге тек кісі өлімі дерегі бойынша қозғалып отыр. Бірақ алдағы уакытта тағы да қосымша сараптамалар тағайындалып, тексерістер жүргізілмек. Соның нәтижесінде қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел ауруханада көз жұмды

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Талқылау