Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында кәсіпкер 99 жастағы зейнеткерге жаңа баспана салып берді (фото)

Енді 99 жастағы соғыс ардагері Уағиса Мұхтарқызы өзінің қонақтарын жаңа үйінде қарсы алатын болды. Ол кісіге мұндай ірі сыйды кәсіпкер Нұрлан Құсайынов жасапты.

03-02-2016-atyrau-01

Суреттер Егемен Қазақстан басылымынан алынды.

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

«Ол кісінің ескі үйі көз алдымызда бұзылды. Біз ардагерді немерелерімен бірге ол үйде тұрғызып қоюға шыдамадық. Қиын сәтте елге аянбай көмек берген қарияларымызға ерекше көңіл бөлінуі керек», – дейді кәсіпкер.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы Асан ауылы аудан орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл өлкеде Уағиса әжейді бәрі таниды әрі құрмет тұтады.

«Әженің ұлы қайтыс болған, ал өзі немерелерімен бірге тұрады екен. Ол кісінің апатты жағдайда тұрып жатқанын естіп, бірден көмек беру керек деп шештім. Мен кеше бизнесімді ашқан кезде маған мемлекет көмектесті, ал енді адамдарға қолымнан келгенше көмек беру менің міндетім», – дейді меценат.

Алғашқыда құрылысшылар ескі үйді жөндеуден өткізсек пе деп ойланады. Бірақ, ескі үйдің жағдайы одан түзеле қоймайтынын сезген олар, білек сыбанып жаңа баспананың жайына кірісіп кеткен. Құрылыс жылдам аяқталған. Сапалы салынға үйдің ішінде төрт бөлме бар.

Зейнеткен «Сұңқар» ЖШС директоры Нұрлан Құсайыновқа алғысын білдірді.

«Мен өз компаниямды экономикамыз тұралап тұрған қиын кезең 1993 жылы құрдым. Ол кезде мемлекет бізге аямай көмек беріп, кәсібімізді дөңгелетуге күш салды. Біздің осы жомарттығымыз мемлекет алдындағы рахметіміз іспетті», – дейді Нұрлан Құсайынов.

03-02-2016-atyrau-0203-02-2016-atyrau-0403-02-2016-atyrau-03

Талқылау