Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда кәсіпкер 87 млн теңгеге өз ауылына спорт кешенін салып берді

Атырау облысы Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақытжан Достанов осы ауылдағы өзі оқыған №3 орта мектепке «Ырыс» спорт кешенін сыйға тартты.

11zaman3 (1)

Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлайды.

Спорт кешенінің құрылысына ол өз қаржысы есебінен 87 млн теңге жұмсады. Жалпы алаңы – 807 шаршы метр. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған душ, киім ауыстыруға арналған шкафтар, медициналық пункт жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдану үшін тренажер құралдары, стол теннисі, баскетбол, волейбол ойындарына арналған залдар бар. Құрал-жабдықтарды шетелден жеткізді.

«Кешенді өзімізді бағып өсіріп, тәлім-тәрбиесін берген марқұм, асыл әжем Ырыс атымен атауды ұйғардым. Бүгінде кешен өз жұмысын бастап кетті. Балалар дән риза», – дейді кәсіпкер Достанов.

Алдағы уақытта ол енді мәдениет үйін тұрғызып, ауылды көгалдандыруды жоспарлап отыр.

Талқылау