Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында ірі қараның жаппай қырылу себептері анықталды

Атырау облысындағы мүйізді ірі қала мал нодулярлы дерматиттен жаппай қырылған.

20160723002143

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бұл вирус бізге Ресей Федерациясынан келді, бұдан бұрын аурудың ошақтары Шешенстан, Дағыстан, Ставропольде анықталған еді. Мал ауруының бұл түрі африкалық континентке тән, ұшатын жәндіктер оны тасымалдайды. Бүгінде 2043 мал аталған ауруды жұқтырған, 51 мал өліп, 343-і антибиотик көмегімен емделді.

Енді аурудың себебі мен емдеу жолдарын білеміз. Қалған малды аман сақтап қалу үшін мамандар қажетті процедураларды жасауда. Бюджеттен бөлінген қаражатқа вакциналар мен дәрілер алынды», – деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Атырау облысының Құрманғазы және Исатай аудандарында ондаған сиыр өліп, мамандар себебін анықтай алмаған еді. Алайда аталған аудандарға карантин енгізілген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Батыс Қазақстанда белгісіз індеттен жұрттың қорадағы малы жаппай қырылып жатыр

Ақтөбе облысында белгісіз себеппен мал қырылып жатыр

Талқылау