Атырау облысында ер адамды 52 жерінен пышақтап өлтірген қырғызстандық жігіт жазадан сытылып кетті

Атырау облыстық соты былтырғы жылдың қараша айында дәмханалардың бірінің келушілеріне себепсіз тап беріп, 52 пышақ жарақатын салған Қырғызстан азаматын ақыл-есінде ауытқу бар деп мойындады.

Атырау облысында ер адамды 52 жерінен пышақтап өлтірген қырғызстандық жігіт жазадан сытылып кетті

Бұл туралы «Мой Город» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кісі өлімі таңертеңгі уақытта вокзал маңындағы «Арба» дәмханасында орын алған. 1990 жылы туылған сотталушы дәмханада отырған 39 жастағы ақтаулыққа себепсіз тап беріп, пышақтап тастаған.

Бұл кезде дәмханада болғандардың ешқайсының жас жігітті тоқтатуға батылы бармаған. Оны тек оқиға орнына келген полицейлер тоқтатып, құрықтады. Ал бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған ер адам жедел жәрдем жеткенше тіл тартпай кетті.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде тәртіп сақшылары бірнеше саараптаманы тағайындаған. Олардың қатарында психиатрлық сараптама да бар. Тиісті процедуралардан кейін дәрігерлер тұтқындалған жігітке «Сараланбаған шизофрения» диагнозын қойды.

Осыған байланысты атырау облыстық сотының айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оны Алматы облысы Ақтас аулындағы республикалық мамандандырылған психиатрлық ауруханаға мәжбүрлі түрде емделуге жіберуден өзге амалы болмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар