Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында ер адам марихуананы тіс ауруына ем ретінде қолданған

Атырау облысында ер адам марихуана есірткісін тіс ауруына ем ретінде қолданыпты.

8989

Фото: ski.ru

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың тамызында айыпталушы Индер ауданындағы Алғабас-Жорық жер телімінен есірткі шөбін жинаған. Ол жабайы өскен марихуананың 15 түбін алып қысқа толқынды пеште құрғатқан.

“Сот отырысы кезінде айыпталушы марихуананы медициналық мақсатта қолданғанын мойындады. Ол тіс ауруын басу үшін осы әрекетке барыпты. Осылай деген ер адам сот төрағасынан өзінің жазасын жеңілдетуді сұрады”, – делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Сот оны ҚР ҚК 296 бабы бойынша айыпты деп тауып, 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуді міндеттеді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде 34 жастағы келіншек оныншы баласын өмірге әкелді

Даун синдромы: Балалардың ақыл-ой кемістігі неден пайда болады?

Алматы облысы тұрғынының тісжегіден басталған дерті асқынып қатерлі ісікке айналған (фото)

Ақтөбеде арбаға таңылған аруды алып қашқан жігіт оны алақанына салып аялап отыр (фото)

Талқылау