Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында екі жасар бүлдіршін суға құлап, батып кетті

Екі жасар бүлдіршін бақса балалармен бірге Орал жағасының құлама жарында ойнап жүрген. Кенеттен жер опырылып, 2,5 жасар бала суға түсіп, тұншығып батып кеткен.

2110584

Бұл туралы “Мой город” хабарлайды.

“Оқиға орнына біздің аудандық бөлімшенің үш қызметкері барды. Сағат 10.25-те баланың денесі судан шығарылды”, — деп хабарлады басылымға “ЗРАОСО” ММ жетекшісі Бахтияр Қадырханов.

Оқиғаның куәгері жергілікті тұрғын құтқарушыларды шақырады.

“Ер адам балалардың жан дауысын естіп, бүлдіршінді қатты ағыс өзеннің ортасына алып бара жатқанын көреді. Біздің бекет ол жерден шамамен 500 метрде орналасқан. Құтқарушылар мотор қайығымен барып, баланы алып шығады да құтқармақ болады, өкінішке орай, кешігіп қалды”, — деді Бахтияр Қадырханов.

Оқи отырыңыз:

Тағы бір жүргізуші өзінің жантүршігерлік жол апатына ұшырағанын видеоға түсіріп алды

Шымкентте жылдамдықты 260-қа жеткізіп мақтанған жүргізуші жол апатына ұшырады (видео)

Алматыда жүк көлігі велосипед мінген қарияны басып өтті

Талқылау