Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында дауыстап «әмин» деп айтқан азаматтарға айыппұл салынды

Атырау облысында мешіт тәртібін бұзған үш азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Мой город.

img_1590-e1495772214529

Оқиға Кұлсары қаласының мешітінде болды. Имам екі адам үшін намазын тоқтатуға мәжбүр болды. «Фатиха» сүресін оқығаннан кейін «әмин» сөзі іштей айтылуы керек. 27 және 30 жастағы азаматтар имамның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан дауыстап айтқан.

Аудандық сотта екі азаматтың ісі қаралып, олардың әрқайсысына 113 мың 450 теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек Мақат ауданында 39 жастағы ер адам дәл осындай айыппен 50 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ерлан Омаров

Тағы да оқыңыз:

Орал тұрғыны имамға бағынбай, діни рәсімнің өтуіне кедергі келтірген

Сыныптастар кездесуінде жердің шаңын шығарып билеген Салтанат Бақаева желіні “жарды” (видео)

Қуан қазақ! Димаш “Жылдың ең танымал әншісі” жүлдесіне ие болды (видео)

Талқылау