Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында бутигін адыраспанмен аластаған жігіт тірідей жанып кете жаздады (видео)

Атырау облысында жас жігіт жұрттың көз алдында қызыл жалынға оранды. Оқиға Құлсарыда болған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Жергілікті базарлардың бірінде сатушы болып істейтін азамат бутигін пәле-жаладан түтінмен аластаймын деп, ауруханадан бір-ақ шықты.

Бутигін аластап болған соң ырымшыл жігіт қолындағы бықсыған шөпті қоқыс шелегіне тастай салыпты. Ал, ол одан әрі жана бастаған. Мұны көрген сатушы шелекті ала сап далаға жүгіргенде, сүрініп құлап, үстіндегі киіміне от тиіпті.

Зардап шеккен азамат қазір аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 30 пайызын күйік шалған екен.

Оқи отырыңыз:

Санкт-Петербургте 32 жастағы Қазақстан азаматының өлі денесі табылды

Атырауда ер адам терезеден секіріп жарылыстан аман қалды (видео)

5 жыл кока-кола ішкен жігіт миында ісік пайда болып, буындары істемей қалғанын айтты

Астанада жантүршігерлік жол апатына ұшыраған екі қызға шұғыл түрде қан керек

Талқылау