Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында балабақшадағы баспалдақтан құлаған бала қайтыс болды

Атырау облысы, Миялы ауылында балабақшада кішкентай баланың көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

нрнр

Бұл туралы “Ақ жайық” басылымы хабарлайды.

“20 маусым күні Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы балабақшада қайғылы оқиға болды: үш жасар бала екі қабатты балабақша ғимаратының ішінде баспалдақтан құлап кетіп, басынан ауыр жарақат алған. Баланы аудандық ауруханаға жеткізіп, операция жасаған. Алайда 23 маусым күні ол қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

“Дерек бойынша ҚР ҚК 141 бабы (балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтауда тиісті міндетін атқармау) негізінде қылмыстық іс қозғалды”, – дейді Қызылқоға аудндық полиция бөлімшесінің тергеушісі Дархан Болжанов.

Оның сөзінше, қазіргі таңда тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Талқылау