Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ІІД-і 958 мың евроға неліктен катер сатып алынғанарын түсіндірді

Атырау облыстық ІІД 958 мың евроға сатып алынған катер туралы түсініктеме беріп, оны демалу үшін сатып алынды деген ақпаратты жоққа шығарды.

катер

“FB 38STAB SF арнайы катері Атырау облыстық ІІД-не 2013 жылы мемлекеттік сатып алу порталындағы ашық конкурс арқылы әкелінді. Катердің жалпы құны 958 488 евро. Кеме Атырау облыстық ІІД-ның тапсырысы бойынша Каспий теңізі айдынында патрулді-инспекторлық қызмет атқару үшін арнайы жабдықтармен жарақтандырылған”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Катерде өте жылдам әрі сапалы жұмыс істейтін екі дизелді қозғалтқыш бар. Техника өзінің максималды жылдамдығын 65 узлға дейін жеткізе алады екен. Браконьерлер арасында бұл катер “Шайтан” деген лақап атқа да ие болыпты. 2015 жылы катермен теңізде бақылау жүргізудің нәтижесінде, полицейлер 166 тонна заңсыз ауланған балықты ұстаған еді. Оның ішінде 5 тоннасы бекіре тұқымдастар екен.

Бұған дейін бұл катерді сатып алуға не үшін рұқсат бергені жайлы облыс әкімі түсінік берген еді.

Талқылау