Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында 8 жасар қыздың өліміне күдікті ретінде көршісі ұсталды

Айкөркем Алдамжардың мәйіті бүгін түс әлетінде Алмалы ауылы маңынан, яғни өзі жоғалған жерден 1 шақырым қашықтықтан анықталған.

girl_atyrau1906

Сондай-ақ, қыз баланың өліміне күдікті ретінде 28 жастағы азамат ұсталды. Айкөркемнің көршісі қылмысын мойындап, полицияға өзі келіпті. Жеткіншектің кісі қолынан өлгені бұған дейін айтылған болатын.

Күдіктінің өзі қазір тергеу абақтысында отыр. Ал, қылмыстың жай-жапсары сараптама жүргізілгеннен соң белгілі болмақ. Еске сала кетейік, Айкөркемнің денесін іздеу шаралары 5 күн жалғасты. 14-ші маусым күні кешкі 5-тер шамасында есік алдына шыққан қыз ұшты-күйлі жоғалған еді.

Оқи отырыңыз:

Фермер доңызы жыныс мүшесі мен үш саусағын тістеп алған соң көз жұмды

Атырау тұрғынын қалада тек лыпамен жүргені үшін жазаламақ (видео)

Ұлттық ұлан сарбаздары тауып алған 5 млн теңгені иесіне қайтарып берді

Талқылау