Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында 3 адам тірідей жанып кетті

Атырау облысында 7 тамызға қараған түні жантүршігерлі жл апаты болды, деп хабарлайды «Мой город».

 information_items_24354

Атырау-Индер трассасының 165 шақырым жерінде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты.

«Жол көлік апаты түнгі 12-де болған. «Мерседес Бенс» маркалы жеңіл көлік қарама-қарсы жолға шығып кетіп, «МАЗ 544008» жүк көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан жеңіл көлік отқа оранып, ішіндегі жүргізуші мен екі жолаушы тірідей жанып кеткен», – деп хабарлайды Атырау облысының ІІД баспасөз қызметі.

ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты түнгі сағат 12-00-де болды. «Мерседес Бенс» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «МАЗ 544008» жүк көлігімен қақтығысады. Соның салдарынан жеңіл көлік өртеніп, ішіндегі үш адам жанып кетті. Жүк көлігінің жүргізушісі БҚО тұрғыны зардап шеккен жоқ.

«Жеңіл көліктің жүргізушісі Атырау облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ал қаза тапқан екі жолаушының аты-жөндері анықталып жатыр», – деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Тағы да оқыңыз:

Анасы баласының жылаған даусына шыдай алмай тұншықтырып өлтірді

Хиджаб киген ұрлықшы қыздың әрекеті жұртты шошытты (видео)

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

 

 

Талқылау