Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау мешітінде намаз кезінде айқайлаған адамға айыппұл салынды

2016 жылы маусым айында «Иманғали» Атырау орталық мешітінде бір адам намаз уақытында айқайлап, имам мен мешітке келген өзге азаматтардың намаз оқуына кедергі келтірген, деп хабарлады Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі.

455759_1330689856

Сурет: www.sunna.kz 

Мешіттегі ішкі тәртіп пен ережелерге сәйкес, мешітке келушілер намаз оқығанда барлық нормаларды орындауға міндетті. Мешітте дауласуға, намаз кезінде кедергі келтіруге тыйым салынған.

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты айқайлаған азаматты ҚР ӘҚБК  490-бабының 2-тармағына сәйкес айыпты деп тауып, оған 50 АЕК (106 050 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жіберіп алмаңыз:

Ердоған Түркиядағы ұлттық мешітте азан шақырды

Қызылордадағы мешіттің жанын жастар ойын-сауық пен махаббат бекетіне айналдырып жіберген (фото)

Индонезия тұрғыны өзінің шағын автобусын мешітке айналдырды (фото)

Талқылау