Атырау дүкенінде зейнеткерлерге тегін нан таратылып жатыр

Сейсенбі, 8 Желтоқсан , 2015 21:54

Жилгородоктағы «Китайка» дүкені екі аптадан бері зейнеткерлерге тегін нан таратуда. Нан ақысын өз мойнына алған беймәлім қала тұрғыны дүкен қожайынымен келісім жасаған.

23dm211

Бұл туралы STAN.KZ Azh.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Бұл акцияға белгісіз болып қалуды жөн көрген қала тұрғыны бастамашы болған.

“Дүкенде ақша төлеп тұрған бір әжейдің нан алуға ақшасы жетпей қалғанын көрген кезде басыма осындай ой келді. Қалтыраған қолымен қажетті соманы жеткізе алмай, күрсініп дүкен сөресінен бұрылып кетіп бара жатқанын көру ауыр тиді. Әрине, мен оған көмектестім, мұны үлкен жетістік деп есептемеймін. Бірақ осындай қариялар қазір көп, Жаңа жылдан кейін нанның бағасы 80-ге көтерілген кезде одан сайын көбейеді деген ой мықтап орнығып алды“, – дейді қала тұрғыны.

Қыз қолынан келгенше үлесін қосуды ұйғарады: бірінші жексенбіде ол сатушыға он бес бөлке үшін ақша береді. Бұл тез арада ауданға жайылып, мұндай мөлшер жетпейтін болды. Енді дүкенде тегін берілген нанды оған қарыз етіп жазып қоятын болған.

Шыққан соманы төлеуге шамам жетеді. Осы дүкенде, менің өтінішім бойынша, сол күні нанның тегін берілетіні жөнінде хабарландыру ілінді. Әлеуметтік желілерде де бұл қозғалыс жанданып келеді. Басқа көптеген қала тұрғындары өз ықшамаудандарындағы дүкендерде осындай тұрақты акция ұйымдастыруды жоспарлауда“, – дейді ол.

«Китайка» дүкенінде бір сағат ішінде, таңертеңгі сағат 10-нан 11-ге дейін дүкенге бес егде жандар кіріп, бәрі бір адамдай сол жерден бірнеше бөлке ыстық нан алып шықты. Олардың жүздерінен риза екендері көрініп тұрды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар