“Атырау аруы-2016” байқауының фототүсірілімдері

Жексенбі, 16 Қазан , 2016 14:07

Қазақ қызының бәрі әдемі, бәрі сұлу. Бірақ, казақ қызына тән қасиет – көркімен қатар ақылының қатар жарасуы. Айтқандай-ақ, қыздардың сыртқы сұлулығымен қоса, олардың білімін, ақылын, шеберлігін қатар сынайтын облысымызда “Мисс Атырау” байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

IMG_24782016-10-15-05-28

Бұл туралы zhasatyrau.kz хабарлайды.

Жуырда ғана аталмыш байқауға қатысуға кастинг жарияланған болатын. Міне, бүгін іріктеуден өткен арулар сахна төрінде сән құрып, бақ сынауда.

Сонымен, бүгін байқау «Атырау аруы-2016» атағына  қай ару лайықты? «Қазақстан аруы» байқауына қай ару жолдама алады? Ендеше, «Жас Атырау» сайты арнайы сіздер үшін «Атырау аруы-2016» байқауынан тікелей трансляция жасап отыратын болады.

DSC_02542016-10-15-05-22

«Атырау аруы – 2016» байқауында 20 ару жолдама алған болатын. Ең алғаш болып сахнаға шығып, өзін таныстырған –  Узақова Ару, Досмұхамедова атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті. Ару бүгінгі сайыста топ жарып шығып, «Қазақстан аруы-2016» байқауына жолдама алғысы келеді.

DSC_02502016-10-15-06-14

Келесі аруымыз Кармышева Жұмабике. Жұмабике де «Атырау аруы» атанып, жақын адамдарының үмітін ақтағысы келеді.

DSC_02662016-10-15-06-22

Реттік нөмері үшінші Нұрханова Зарина байқаудың ең жас қатысушысы. Зарина Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 11-сынып оқушысы. Заринаның мақсаты: Армандардың орындалатынына көз жеткізу.

img-2448.

Төртінші болып шыққан Назенгалиева Айман болса, өзін өлеңмен таныстырды. Айман да өзінің өнері арқылы, өзгелерге үлгісі болғысы келеді.

IMG_25232016-10-15-06-41

Келесі аруымыз Дауешова Алена – Қазіргі замандағы Каспий өңірі колледжінің түлегі. Алена бүгінгі сайыста қарсыластарға сәттілік, өзіңе жеңіс тілеп, «Атырау аруы-2016» атағын жеңіп алғысы келетінін жасырмады.

DSC_02522016-10-15-08-46

Келесі аруымыз Дауешова Алена – Қазіргі замандағы Каспий өңірі колледжінің түлегі. Алена бүгінгі сайыста қарсыластарға сәттілік, өзіңе жеңіс тілеп, «Атырау аруы-2016» атағын жеңіп алғысы келетінін жасырмады.

IMG_25352016-10-15-08-54

Байқағандарыңыздай, бүгінгі байқауға қатысушылардың барлығының мақсаты бір. Ол – «Атырау аруы» атану. Ендеше, аруларымызға сәттілік тілей отыра, біз әлі де сіздерге сайыстан қысқаша ақпарат таратып отыратын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!

IMG_25552016-10-15-06-33

Бүгінгі дүбірлі дода «Атырау аруы-2016» байқауына қатысушы арулардың барлығы бірінен-бірі өткен сұлулар. Алдағы уақыттарда арулардың сұлулығымен қатар, білімі де сынға түсетін болады. Арулардың өнерін бағалаушы әділқазылар да осал емес. Белгілі дизайнер: Малика Дюсенбаева, «Қазақстан Атырау» телеарнасының директоры, Жанар Байсемізова, ақын Қалқаман Сарин, жастар саясатының басшысы Жасұлан Бисембиев, байқауды ұйымдастырушы Вероника Кошманова бүгінгі байқауға қазылық етті.

IMG_25992016-10-15-10-31

Дегенмен, байқаудың кімнің бастайтынын қазылар мүшелері арнайы жеребе арқылы анықтайтын болады. Аруларымыз бен әділқазылар дайын болғанша сахна төріне «Жайық би» ансамблі, «АВС CREW», Айбар Ғаниұлы секілді өнерпаздардың өнерлерімен жалғасты.

Байқаудың алғашқы кезеңі «сұрақ-жауап» бөлімінен тұрды. Қатысушы аруларға Қазақстан Республикасы конституцисы аясында сұрақтар қойылды. Сайысқа қатысқан қыздардың барлығы да қойылған сұраққа мүдірмей жауап беріп, қалың көрерменді сүйсінтті.

IMG_26702016-10-15-10-06

“Меніңше бүгінгі байқау өз дәрежесінде өткен секілді. Қолдауларыңызға көп рахмет айтамын. Бүгінгі байқауға алыстан ат арылтып келген қонақтарымызда бар. Қош келдіңіздер дейміз. Ең бірінші алғысымды облыстық әкімдікке айтамын. Бүгінгі арулар да бір-бірінен өткен талантты, сұлу арулар болды. Кімнің «Атырау аруы-2016» атағына ие боларын алдағы уақытта анықтайтын боламыз”, – дейді ұйымдастырушы Вероника Кошманова.

IMG_27032016-10-15-10-09

Сонымен, көптен күткен байқаудың қорытындысы төмендегідей болды:
Көрермен көзайымы: Назенгалиева Айман
Интернет аруы: Узакова Ару
«RK tel аруы»: Избаева Диана
«Колорит аруы»: Елемесова Ақкүміс
«Фотомодель» аруы: Ерсайын Альфия, Қылышбаева Сәуле
«Телевизия аруы»: Зарина Нұханова
Мисс «Vero modelz»: Ерсайын Альфия
Мисс «Ренесанс»: Избаева Диана
«Мисс модель дом Elza»: Елемесова Aқкүміс,
Мисс «Infinitу»: Избаева Диана

IMG_30462016-10-15-10-39

img-3059

Ал, байқаудың 2 вице мисс атағы Назенгалиева Айманға (50000 тг), 1 вице мисс Испусинова Самалға (100000) бұйырды. Ал, Елемесова Ақкүміс «Атырау аруы-2016» атанып, 200000 теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.. Ендігі жылда Ақкүміс «Мисс Казахстан» байқауында Атыраудың намысын қорғайтын болады. Жерлес аруымызға біз де сәттілік тілейміз!

Жіберіп алмаңыз:

Индонезияда трансгендерлерге арналған мұсылман интернат-мектебі жабылып қалды (фото)

Қазақстандық жұлдыздар көзілдірікпен және көзілдіріксіз (фото)

Қаралы күн: Корольдерінен айырылған Таиланд тұрғындары көз жастарына ерік беруде (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Кыздар адеми,брак алемдик байкауга не тянет

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар