Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Атырау-Алматы» пойызындағы жолаушыдан 260 киік мүйізі тәркіленді

«Бекіре – 2016» жедел-іздестіру іс-шарасының барысында Атырау стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде 28 жастағы БҚО тұрғынын ұстады.

20151119080220.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c419335

Сурет ҚазАқпарат

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша,тексеру барысында ұсталған азаматтан сәйкестендірілген құжаттарынсыз 260 дана киік мүйіздері табылып, тәркіленіп алынды.

Аталған факт ҚР ҚК 339-бабы, яғни, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау