Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау әкімі көзбояушылықпен айналысқан құрлысшыларды мисыз деп атады (видео)

Махамбет ауданындағы жаңа балабақша мен емханада болған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құрылыс салушыларды шалағайлығы мен көзбояушылықтары үшін сынға алды.

ногаев

«Мына пандус тегіс жерге салынған. Сіздер бұл жерде пандустың қажеті жоқ екенін түсінесіздер ме? Сметалық құжатта болғанының маңызы қанша? Кім балабақшаның жобалау құжатымен айналысты? Егер кіреберісте баспалдақ болмаса, пандустың да қажеті жоқ екеніне миы жетпеді ме?» – деп сынады аймақ басшысы.

Пайдалануға берілгеніне көп болмаған жергілікті емхананың ғимаратымен танысу кезінде де әкім аз сын айтқан жоқ. 2 жыл бұрын ғана ашылған емхана ғимараты қазірдің өзінде шөгіп бастаған. Қабырға мен төбеде жарықша пайда болған. Аудандық билік емхана жұмыс істеп тұрса да, сапасыздығына байланысты олар ғимаратты құрылыс басқармасынан әлі күнге дейін ресми түрде қабылдап алмаған. Дәрігерлер ғимарат бір айдан соң жарыла бастағанын айтып отыр.

Облыс басшысы барлық олқылықты қысқа уақыттың ішінде қалпына келтіруді тапсырды.

Талқылау