Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атың шықпаса жер өрте: пиар жасаймыз деп басы дауға қалған әншілер өз әрекеттерін түсіндірді (видео)

Соңғы уақытта шоу-бизнес өкілдері елді шулатып, дүрліктіруді сәнге айналдырған сияқты. Сол арқылы танымалдығымыз артады деп ойлайтындай. Жақында әнші Қарақат Әбілдина жұбайы Қыдырәлі Болмановтың туған күніне “екінші әйел” сыйлайтынын айтқан болатын. Алайда, әншінің бұл жазбасы желіде үлкен талқыға түскен еді. Тіпті, сахнадағы әріптестері де Қарақаттың бұл әрекетін түсінбей қалыпты.

қыдырәлі

Бұл туралы 31  арна жазды.

Алайда, әнші артынан ойланып, жұбайына тоқал алып беру ниетінің болмағанын, тек ризашылығын осылайша білдіргісі келгенін айтты. Дегенмен, оның пиар үшін жасалғанын жасырмайды.

Ал, Қыдырәлі болса, өзінің жауабын өзі туралы жазып жатқан кітабында білдірмек. Продюсер екінші әйел мәселесін сол туындысында ағынан жарылып айтпақ.

“Неден шыққан әңгіме екенін кеңінен білгіңіз келсе менің кітабымнан оқып аласыздар. бір, екі ай көлемінде ол кітап жарық көреді. Онда көп нәрсе айтылған”,-дейді продюсер  Қыдырәлі болманов.

«Атың шықпаса жер өрте». Бұл рэпер Мс Сайлаубекке қарата айтылса керек.  Өткен аптада рэперге белгісіз біреулер оқ атып, Мс Сайлаубек ауыр халде ауруханаға түсті деген суыт хабар көпшілікті бейжәй қалдырмады. Алайда, бұл ақпарат жалған болып шықты.

Аңдамай жасалған жарнама МС Сайлаубектің екі бірдей продюсеріне оңай тимей тұр. Себебі, жалған ақпарат таратып, көпшілікті шулатқаны үшін олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

“Иә, қылмыстық іс қозғалды. 293 бап бойынша, бұзақылық”,-деді ІІД баспасөз хатшысыСалтанат Әзірбек.

Осылайша, ойыннан от шыққан бұл кадрлер рэпердің түсіріліп жатқан «Өмірге оралу» атты фильмінен үзінді болып шықты.

“Өмірінде біраз таяқ жеді, 20 адам жабылған,  сондай переломный моменттер болған. Негізі соны көрсеткілеріңіз келді ме? Негізі ол сценарийде бар,  бүкіл өміріндегі оқиғасы,  былтырдан бастап түсірілім жасадық”,- МС Сайлаубектің продюсері Бақытжан Жүнісбеков.

Шоу-бизнес жұлдыздары үнемі елдің назарында жүргенді қалайды. Сондықтан да, сәл еленбей қалса түрлі жарнама тәсілдеріне жүгінетіндері бар.

Ал, дизайнер Жадо жақында өткен туған күн мерекесінде ақ боз атты иеленді.

Жадоның мал шараушылығымен айналысатынын бірі білсе, бірі білмес. Әнші Серікбол Сайлаубек те туған күнінде қымбат көлік мінгені белгілі.

Шоу-бизнесте жүргендердің құлағымызға сыбырлап айтқан әңгімелеріне қарағанда, кейде бұндай қымбат әрі таң қалдырарлық сыйлықтарды өнер иелері өздеріне өздері жасайды. Бұндай амалдар да ат шығарудың бір түрі дейді.

Ал, Шаншар театрынан танымал болған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева сахналық әріптесі Нұржан Төлендіге көп жағдайда әділетсіз күйе жағылатын деп есептейді.

Әнші, сазгер Марат Омаров атақ пен даңққа ие болу үшін өзін-өзі жарнамалап, шу жасайтын әріптестерін біраз сынап тастады.

Әнші бүгінде он жасар қызы Бибімариям Омароваға концерт ұйымдастырып, халыққа таныстырып жүр. Қызы халықаралық бірнеше байқаулардың жеңімпазы атанған. Халықты алдап емес, адал еңбегімен танылсын дейді. Жұлдыздардың осы және өзге де жаңалықтарын келесі бағдарламадан тамашалай аласыздар.

 

Талқылау